What are you looking for?

Атырау облысында 900 отбасы баспана кезегінде тұр

13.03.2025

Наурыз мерекесі қарсаңында Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы 60 пәтерлік баспана пайдалануға беріледі. Жаңа қонысқа алдымен апатты үйлердің тұрғындары мен көпбалалы отбасылар және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар көшіріледі.

Миялы ауылындағы бұл 2 қабатты үйлер 1957-59 жылдары пайдалануға беріліпті. Қазір ғимараттардың тозғаны соншалық, іргетасы шөгіп, опырылған қабырғаларын сыз тартқан. Соған қарамастан 16 пәтерлік екі үйде оншақты отбасы тұрып жатыр.

Нұржамал Иманғалиева, Миялы ауылының тұрғыны:

- Төбесінен тамшы ағады жауын жауағанда. Жәндіктер көбейді. Тышқан, қоңыздар деген сияқты. Сол өзіміздің күтімімізбен тұрған үйлер. Апатты деп танылды былтыр тамыздан бастап документ жинақтадық. Енді үй берсе екен деп тілеп отырмыз.

2023 жылы апатты үй тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама қабылданған. Нәтижесінде 90-нан астам отбасы жаңа қонысқа көшірілді. Таяуда мына 3 қабатты 60 пәтерлік үй пайдалануға берілуі тиіс.

Манат Сағын, мердігер мекеменің өкілі:

- 60 үйліктің 30-ы 3 бөлмелі, 30-ы 2 бөлмелі. Мұның суы, зазы бәрі жүріп тұр. Әр пәтердің қазандығы өзінде, сусорғылары бәрі қондырулы. Қазіргі уақытта аз ғана ток жұмыстары ғана қалып тұр.

Аудан бойынша баспана кезегінде тұрғандар 5 санатқа бөлінеді. Алдымен апатты үйлердің тұрғындары қамтылады. Сосын ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі жандар және көпбалалы отбасылар мен пәтер кезегінде тұрғандарға беріледі. Күні бүгін 900-ге тарта отбасы баспана кезегінде тұр.

Ерсағын Құмаров, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- 2025 жылға 140 тұрғынды баспанмен қаматамыз ету жоспарда тұр. Одан бөлек бізде қазір «Бақытты отбасы Атырау» бағдарламасымен 2024 жылы 5 тұрғын баспанамен қаматамсыз етілген болатын. Биылғы жылы да «Атырау аудан жастары» санатымен 35 жасқа дейінгі жастарды қамтамсыз ету мақсатында бағдарлама енгізлген.

Аудандағы баспана мәселесін шешу үшін биыл облыстық бюджеттен тағы 1 млрд теңге сұратылған. Қаражат бөлінсе, 60 пәтерлік тағы бір үйдің құрылысы қолға алынады.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Social Link

Follow Me On Social Media