0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Батыс Қазақстан облысында өзендерде тасқын судың кедергісіз өтуі үшін мұз жару басталды.
Алдымен, қаладағы су тасу қаупі бар Деркөл мен Шаған өзендерінің қиылысында мұз жарылды. Былтырғы көктемде мұз тұрып қалған аумақтар ескеріліп, соның негізінде 96 учаске белгіленген. Олардың барлығында, атап айтқанда, Өлеңті, Шыңғырлау, Қайыңды өзендерінде мұз жару шарасы өтеді. Бұл іске жергілікті бюджеттен 230 млн теңге бөлінген. Бұған дейін облыс әкімі мұз жару бойынша конкурстың созбалаңға салынғанын сынап, кеш қалмаймыз ба деп алаңдаушылық білдірген еді. Алайда Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, конкурс рәсімдеуде қиындықтар болғанымен, жұмыс уақытылы басталған.
Нұралы Мүсиев Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
Мұз жару жұмыстарының тиімділігі — ертең мұз қозғалысы кезінде осы қиылыс, бұрылыстарда мұздың үлкен көлемде тұрып қалмауын болдырмайды. Жалпы қазіргі таңда жағдай бір қалыпты, тұрақты. Алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ардақ Мұратқызы