Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"6 наурызда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Айта кетейік, кеше де синоптиктер қала тұрғындарына ескерту жасады.
Еске салайық, бұған дейін 6, 7, 8 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауа райы қазақстандықтарды қуантпақ: алдағы үш күнде солтүстік-батыс циклоны еліміздің барлық аумағындағы ауа райына әсер етеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!