What are you looking for?

Елордада жиһаз шығаратын цех өртенді

14.03.2025

13 наурызда Сарыарқа ауданы Ақбөкен көшесінде орналасқан жиһаз цехінің ғимараты өртеніп, оқиға орнында өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі дабыл белгісімен жұмысқа кірісті.

Cағат 19-00 өртті оқшаулау мүмкін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, екі қабатты коттедждің шатыры, оған жапсарлас салынған гараж бен көлік жуу ғимаратының бір бөлігі отқа оранған.

"Өрт сөндіру штабы және 3 учаскесі жұмыс істеуде. Сағат 19-00-де өрт оқшауланды. Өрт орнында 14 бірлік техника, 58 жеке құрам жұмыс істеуде. Автокөлік жууу ғимаратынан қауіпсіз жерге бір көлік пен екі газ баллоны шығарылды", — деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Social Link

Follow Me On Social Media