What are you looking for?

НАТО бас хатшысы: Альянс қару-жарақты көбірек шығаруы тиіс

14.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

НАТО-ның бас хатшысы альянс елдері қару-жарақ шығару жағынан Ресей мен Қытайдан артта қалғанын айтты. Марк Рюттенің мәлімдеуінше, әскери одақ қару-жарақты көбірек шығаруы қажет. Мұны солтүстік атлантикалық альянс басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуде айтты. Ал Ақ үй басшысы өзінің әрекеттері НАТО-ның салмағын арттыра түсті деп мәлімдеді.

Марк Рютте, НАТО бас хатшысы:

Бізге қару-жарақ өндірісін арттыру қажет. Бұл АҚШ-та да, Еуропада да жеткіліксіз. Орыстар мен қытайлардан қалып барамыз. АҚШ-тың өндірістік базасы ауқымды. Сіздерден Еуропа басқаларға қарағанда 4 есе көп қару-жарақ сатып алады. Дегенмен сенімділік үшін қару-жарақты көбірек шығару керек.

Арай Төлегенқызы

Social Link

Follow Me On Social Media