What are you looking for?

Биыл Шымкентте Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтіледі

14.03.2025

Шаһарда бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.

Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында "Наурызнама" онкүндігі өтеді. Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдік мерекелік бағдарламалардың тізімін ұсынды:

14 наурыз – Көрісу күні.

Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді. Ордабасы ауданы, "Шәмші" аллеясы, 11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні Қала аумағында – "Мейірім жүректен" акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер. Балалар үйлері – мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

16 наурыз – Шаңырақ күні.

Қошқар ата өзені бойы, 11:00 – "Қошқар ата сейілі", ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Арбат демалыс аймағы – "Бақытты жанұя" іс-шарасы

Перзентханалар – жаңа туған сәбилерге "Наурыз-базарлық" сыйлықтары табысталады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – Республикалық "Күміс қалам" жас ақындар мүшайрасы өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтеді.

19 наурыз – Жаңару күні.

Шым сити шағынауданы – "Таза өлке" және "Рахмет, Жер ана!" экологиялық акциясы өтеді.

Қала аумағы – 1000 түп ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні.

Қаладағы спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Астана алаңы мен қала аудандарында, 10:00 – мерекелік концерт, этноауыл, қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады.

Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

22 наурыз – Жыл басы күні.

10:00 – "Бесікке салу" дәстүрі

14:00 – "Жарамазан Fest" республикалық байқауы

23 наурыз – Тазару күні.

Қала аумағы– сенбілік, аулалар мен көшелерді тазарту іс-шарасы.

Social Link

Follow Me On Social Media