Маңғаз Маңғыстау мұнайымен ғана емес, тақтайдай тегіс жолдарымен мақтана алады. Бүгінде өңір жол сапасы жағынан өзгелерден көш ілгері. Десе де көңіл тоқтықпен, қол қусырып отыратын шақ емес. Уақыты келгенде тас та езіліп, темір де тозады. Жол KZ бағдарламасы бүгінгі шығарылымында Маңғыстаудағы күре жолдардың күтімі жайлы айтады.