25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина қорғайды. 20 жастағы алматылық Шайдоровтың жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдегері және «Төрт құрлық біріншілігінің» жеңімпазы деген атағы бар. 18 жасар Мәскеудің тумасы Самоделкина биыл Дүниежүзілік студенттер ойынында қола медальді иеленді.
Related items