What are you looking for?

Президент: ЛГБТ желеуімен құрылған ұйымдар мемлекеттің ішкі ісіне араласу құралына айналды

14.03.2025

Президенттің айтуынша, оның түпкі мақсаты – ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі әлемдік саясаттағы өзгерістер мен жаһандану үдерісінің әлсіреуіне қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда мемлекеттік ұлтшылдық, геосаяси ықпал ету аймақтарын қайта бөлісу, аймақтық блоктарға жіктелу үрдістері күшейіп келеді.

"Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар, оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып, соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алды. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен. "Даму мен демократия", "адам құқықтары", "баспасөз бостандығы", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деп ұрандатып жүргендердің бәрінің дерлік жеке байлығы жалақысының мөлшеріне еш сай келмейді", – деді президент.

Бұл ретте мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстары қолдауға лайық екенін айтты.

"Президент Трамп бастаған Америка әкімшілігінің жаппай қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты оқиғаларды анықтауға және «тұңғиық мемлекет» ұғымына тән саяси екіжүзділікті әшкерелеуге, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстары қолдауға лайық. АҚШ-та жасалып жатқан шаруаның бәрі бүкіл әлемге тікелей әсер ететіні баршаға мәлім", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Президент киік санының күрт артуына қатысты байыпты шешім қабылдауды тапсырды


Social Link

Follow Me On Social Media