Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп есептейді.
Оның басты себебі, ерекше жан-жануарларға төнген қауіп-қатер болып тұр деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент тазыны халықаралық тізімге енгізе алғанына қуанышты.
– Адамзаттың бүлдіргі іс-әрекетінің кесірінен Каспий итбалығы, қызғылт қоқиқаз және басқа да ерекше жан-жануарларға қатер төніп тұр. Біз табиғаттың осы бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын.
Бұған қоса, біз тағы бір қазынамыз – тазыны халықаралық тізімге енгізе алғанымызды айта кеткім келеді. Аң аулайтын айрықша қасиеттері бар қазақы иттің тұқымын енді бүкіл әлем біледі, – деді ол Ұлттық құрылтай барысында.