What are you looking for?

Қасым-Жомарт Тоқаев: Талай заманнан келе жатқан өкпе-реніштерден арылу қажет

14.03.2025

Бұл – өркениетті, икемді, мақсатшыл жұрт болу деген сөз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық ой-санамыз мықты болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талай заманнан келе жатқан өкпе-реніштерден, өткенге құр мақтанудан және бәрін орынсыз сынап-мінеуден арылу қажет. Әлеуметтік масылдық пен саяси таяздыққа мейлінше жол бермеуге тиіспіз. Шектен шығып, тым асыра сілтейтін көзқарастарға барынша тосқауыл қойған жөн. Өйткені бұл дүние ақ пен қарадан ғана тұрмайды. Кез келген мәселеде өзгелерді айыптап, қара бұлтты төндіре беруге болмайды", — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам санасындағы осындай құбылыстар ұлтымызды идеологиялық және мәдени тұрғыдан әлсірететінін баса айтты.

"Тіпті, еліміз қазіргі қатігез әлемде өзгелерге жем болуы мүмкін. Бір сөзбен айтсақ, біздің ұлттық ой-санамыз мықты болуы керек. Жаһанды белгісіздік жайлаған бұлыңғыр заманда бәсекеге барынша қабілетті болу үшін барлық жағынан кемел ұлт болуымыз қажет. Бұл – өркениетті, икемді, мақсатшыл жұрт болу деген сөз", — деді Президент.

Social Link

Follow Me On Social Media