What are you looking for?

Құрылтай 2025: Президент инфрақұрылым жобаларына тоқталды

14.03.2025

Салық реформасы, біріңғай уақыт белдеуі және елдегі діни ахуал. Бурабайдағы Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық көкейіндегі түйткілді мәселелерді көтерді. Қоғам талқысында жүрген бірқатар сұрақтың да нүктесін қойды. Алқалы жиында Ұлттық құрылтай мүшелері де ел мүддесі үшін маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Оның бірқатары Президент қолдауын тапты.Президент инфрақұрылым жобаларына да тоқталды. Мәселен, шағын авиацияны дамыту мәселесін, Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі демалыс аймақтарында әуежай ашылатынын тілге тиек етті. Теміржолға келер болсақ, «Достық-Мойынты» және Алматы бекетін айналып өтетін желі құрылысы аяқталады. Сондай-ақ «Қызылжар – Мойынты» бағытында жаңа жоба басталады. Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз жасау үшін Каспий теңізінің ұлтанымен талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Сондай-ақ Алматы қаласында және Қостанай облысында автокөлік зауыттары іске қосылады.

Social Link

Follow Me On Social Media