What are you looking for?

13 бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндейтін астаналық келіншек

14.03.2025

Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандыққа сұраныс пен еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Бұл туралы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда айтылды. Биыл жұмысшы мамандықтардың мәртебесі көтеріліп, кәсіптік білім беруді дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр.

Алдағы 5 жылда техникалық және кәсіптік білімі бар маман тапшылығы сезілуі мүмкін. Темірдей тәртіпті талап ететін мамандықтың бірі — қоғамдық көлік жүргізуші.

13 бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндейтін Айымгүл Рахимованың жұмыс күні осылай басталады. Халыққа қызмет етуді жаны қалайтын маман бұл салаға кездейсоқ келмегенін айтады.

Айымгүл Рахимова, қоғамдық көлік жүргізушісі:

-Әкем менің жүргізуші болып істеген. Сол кісіге қарап келдім. Үйде кенжесі болғаннан кейін әкеміздің қасынан қалмайтынбыз. Жеңіл көлігі болса да, қасында жүретінбіз. Автобуста да қасында жүретінбіз.

Оның В, С, Д және F санатындағы жүргізуші куәлігі бар. Еңбек жолын 2001 жылы троллейбус жүргізуден бастаған. «Автобус басқару жеңілірек»,- дейді ол.

Айымгүл Рахимова, қоғамдық көлік жүргізушісі:

-Күніне 12 сағат отырамыз. Соңғы 3 айда 540 сағат жолда болдым. Өзім көпшіл адам болғаннан кейін көпшіліктің арасында жұмыс істеген ұнайды.

Айымгүл күніне мыңдаған тұрғынды діттеген жеріне жеткізеді. Айтуынша, жұмыс барысында ерлерге қарағанда әйелдер ұстамдырақ болады.

Айымгүл Рахимова, қоғамдық көлік жүргізушісі:

-Біз нәзік жан болғаннан кейін алдап сулап, эмоцияға беріліп жатқан жолаушыны күліп шығарып саламыз. Жанжалды әрі қарай өршіктермеуге тырысамыз. Әйел адамның көлігіне кірсеңіз, тап-таза, тиянақты болып тұрады.

Таңмен таласа жолға шығатын Айымгүл Рахимова сапалы қызмет көрсетуге ат салысып жүр. Жолаушылар да дән риза. Өйткені қоғамдық көлік – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі, ал жүргізуші – оның сенімді тірегі.

Авторлары: Әлия Тәжібай, Мұхамбетәлі Тілдабаев, Бауыржан Ебелеков

Social Link

Follow Me On Social Media