Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг туриниріне іріктеуде D тобында Аустралия және Колумбия командаларымен сынға түседі.
Теннистен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын ойыншылар анықталды.
Матчтар Аустралияның Брисбен қаласында өтеді. Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына теннисшілерге сенім артты: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Жібек Құламбаева.
Қазақстан құрамасы 10 сәуірде Аустралиямен, бір күннен кейін Колумбиямен ойнайды.
Алты іріктеу тобының жеңімпаздары командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға корт иелері – қытайлықтар мен 2024 жылғы әлем чемпионы Италия құрамасы қосылады. Сондықтан финалдық турнирге шығу үшін Юрий Щукин шәкірттеріне өз тобында бірінші орын алуы керек.
Әр топта 2-3 орын алған құрамалар аймақтық топтық бәсекелердің үздік командаларымен бірге плей-офф кезеңінде бақ сынайды.