0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордада «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен Tomiris жобасы қатысушыларының республикалық кездесуі басталды. Онда әйелдердің саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі рөлін күшейту және Томирис жобасын одан әрі дамыту мәселелері көтеріледі. Жиында түрлі панельдік сессиялар ұйымдастырылып, әйел адамдардың әмбебаптылығын дамыту жұмыстары қатар жүргізіледі.
Шолпан Каринова, «Amanat» партиясының хатшысы, әйелдер қанатының төрағасы:
Томирис бұл әйелдердің саяси көшбасшылығын ілгерілету мәселесін қарастыратын жоба. Сондықтан осы жобаларды әрі қарай дамытуда қандай жаңа технологиялар бар? Қандай жаңа инструменттер бар? Міне осыған байланысты жұмыстар жүргізетін болады.
Айнұр Айбулдинова, қатысушы:
Бүгінгі іс шарада біз әр түрлі тренингтер сессияларға қатысып, әрі қарай өзіміздің білімімізді, көшбасшы болудың қандай екенін және ораторлық сабақтар өткізіледі. Осы тренингтерге қатысып, өзімнің білімімді дағдымды ары қарай дамыту мақсатымен келіп отырмын.
Оңғар Алпысбай