Каратэден Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған премьер-лига санатындағы бәсекенің ақтық сынына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мөлдір күндізгі сессияда өз тобында қарсылас шақ келтірген жоқ. Әуелі Наталья Варгованы (Словакия) сосын Теодора Цанева (Болгария), Аика Оказакиді (Жапония) ұтты. Ал ширек финалда Канада, жартылай финалда Жапония (Сара Цуцуми) каратэшісінен басым түсті.
Еске сала кетейік, ақтық айқас 16 наурызда өтеді. Отандасымыздың қарсыласы — Алжир өкілі.
Жалпы Ханчжоудағы жарысқа Қазақстан командасы 13 спорты (бәрі кумите бағдарламасында) апарды. Бүгін татамиге шыққан Азия ойындарының күміс жүлдегері Дидар Әмірәлі (67 кг), Дархан Теміралиев (60 кг), Олжас Алтынбек (67 кг) іріктеуден плей-офф кезеңіне өте алмады.