What are you looking for?

Бюрократиялық кедергілерді жойған мінбер

15.03.2025

Ұлттық құрылтай отырыстарында білім мен ғылым саласына қатысты мәселелерді көтеріп жүр­мін.­ Бір қуанарлығы, төрт мәрте өткен барлық отырыста осы ата­л­ған салалар ұмыт қалған емес. Зерттеліп, зерделеніп, тиіс­ті нә­ти­жесін бере бастады. Яғни біздің көптеген ұсыны­сы­мыз, біл­дірген ойы­мыз ескерусіз қалмай, жүзеге асырылып жа­тыр. Оның ішінде ғылымды дамыту, ғылымның әлеуетін арт­ты­рып, бюджетін көтеру деген сияқты мәселелер назарға алынды.

Құрылтайдың бір жақсы жері – осы жерде мамандар айтқан ұсыныстар отырыс хаттамасына енгізіліп, бірден министрліктерге жолданады. Сондықтан құрыл­тай бюро­кра­тиялық кедергілерді жой­ған бірден-бір мінбер деп білемін.

Біз бұған дейін құрылтай мүше­лігіне кірген еліміздегі үш ЖОО ректоры ақылдаса келе білім мен ғылым саласының дамуына қатысты пікірлер мен ұсыныстар­ды жүйелеу мақсатында алдын ала сарапшылық топтар құрып алып, со­ның негізінде нақты ұсыныстар­ды жеткізуге тырысып бағамыз. Міне, сол ісіміз нәтижесін беріп жатыр. Кеше ғана Арқалық­тағы педагогикалық институт ал­дағы уақытта үлкен университет болады деген сүйінші жаңалық еңсемізді көтеріп тастады.

Содан кейін Ұлттық құрыл­тайда, Президент Жолдауында айтылған өңірлік жоғары оқу орындарына қолдау білдіру, ғылыми әлеуетін көтеру үшін технопарктер салу ісі де қолға алына бастады. Жалпы, кейінгі төрт жылда ғылым мен білімге жоғары деңгейде қаражат бөлініп келеді. Тіпті былтырғы қиын жағдайдың өзінде университеттерге, ғылым бағытында жақсы қаржылық қол­дау көрсетілді.

Әрине, кемшіліктер де бар. Айталық, отыз жылдың ішінде университеттердегі инфра­құрылым дамымай қалды. Жатақханалар мен зертханалар салынбады. Енді соншалықты бөлініп жатқан қар­жының қай­тары­мын еліміз ғылым­нан да, білім­нен де күтеді. Ғылым мен білім де мемлекет дамуына қызмет ету қажет. Ғылымды коммерцияландыру, бизнес ортамен,­ өндіріс орындарымен жұмыс жүр­гізу сынды шаруалар қолға алынуы керек.

Сонымен қатар «Серпін» бағ­дар­ламасын тоқтатпай, әрі қарай дамытқан жөн. Яғни бұл жоба­мен тек бакалавр ғана емес, магис­трант, PhD даярлауды да қолға алса, артта қалып отырған шалғай об­лыс­тарға үлкен серпін болар еді.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ректоры, академик

Social Link

Follow Me On Social Media