А финалында 500 метр қашықтықта барлығы 5 спортшы жүлде үшін жарыс жолына шықты .
Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейжің олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, канадалық Стивен Дюбуа бірден алға кетті. Ол 40.008 секунд нәтижемен чемпион атанды.
Денис Никиша (40.096) мәре сызығын екінші болып қиды. Қазақстандық шорттрекші (41.676) өткен жылғы нәтижесін едәуір жақсартты.
Нидерландылық Йенс Ван’т Ваут (40.163) үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – Д. Никишаның әлем чемпионатындағы екінші күміс медалі. Ол өткен жылы Роттердамда да екінші орынға ие болған еді.