What are you looking for?

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды

15.03.2025

Қазақстанның ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды. Бұл туралы Ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 наурызда Наталья Жұмаділдаева 60 жасқа толар еді.

"Бүгін біз әріптесіміз, Қазақстан Республикасының ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден өткенін зор күйзеліспен қабылдадық. Білім беру саласының осындай білікті маманының дүниеден өтуі – орны толмас қаза. Наталья Васильевнаның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын," – деп жазды Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментін басқарған. Оның бұл саладағы еңбегі мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға зор үлес қосты.

"Ол білім беру жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді," – деп атап өтті министр.

Ағарту министрлігінің ұжымы Наталья Жұмаділдаеваның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл білдірді.

"Біз Наталья Васильевнаны әрқашан мейірімді, жүрегі таза жан және өз ісінің кәсіби маманы ретінде есте сақтаймыз. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі қалады," – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Наталья Жұмаділдаева 1965 жылы 29 наурызда Теміртауда дүниеге келген. Саранск қаласындағы Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетін "Француз тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанның ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media