What are you looking for?

Елорда тұрғыны: Оқу орындарының салынуы дұрыс деп ойлаймын

15.03.2025

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел ертеңіне бағытталған байыпты бастамалар талқыға түсті, деп хабарлайды 24kz.

Алқалы жиында ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлерді дамыту сынды тақырыптар қозғалды. Қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамыту, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жаңғырту мәселелері талқыланды. Құрылтайда көтерілген өзекті түйткілдер туралы елорда тұрғындары да өз пікірлерін білдірді.

Блиц 1:

- Оқу орындарының салынуы дұрыс деп ойлаймын. Халықтың көбісі үлкен қалаларға өз балаларын жібереді оқуға. Ал өз ауылдарында немесе аудандарында белгілі бір оқу орындары жоқ. Қиын ата-аналарға. Балаларының сырттан оқуына көптеген қаржы кетеді.

Блиц 2:

- Жалпы қазақ тілін қолдау керек деп ойлаймын. Иә, біз көпұлтты мемлекетпіз. Бірақ та сол көпұлттылықпен қоймай, басқа елден келген адамдарды қазақтың ұлтымен, салтымен таныстыру керек.

Блиц 3:

- Президент бастамасын киноиндустрия саласында қолдаймын. Қазақша киноны көп түсіру керек деп ойлаймын. Шетелдік деңгейге жеткізу керек деп ойлаймын. Дұрыс қолдағаны. Қазақша фильмдер көп болсын. Қашанғы шетелді қараймыз.

Блиц 4:

- Торғай өңірін дамытуға байланысты оң шешім деп қабылдаймын. Халықтың жағдайын жақсартуға арналған экономикалық өсімді арттыратын шешім деп есептеймін. Жол салу бойынша. Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз сосын Батыс Қазақстанға байланысты. Соған халық қолдау тауып жатыр деп есептеймін.

Social Link

Follow Me On Social Media