What are you looking for?

Теміржол қызметкері есірткі сатумен айналысқан

15.03.2025

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қазақстан теміржолы – жүк тасымалы" ЖШС қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру кешенін өткізу барысында қаланың екі тұрғынын ұстады.

"Ұсталғандардың бірі – "ҚТЖ – жүк тасымалы" ЖШС қызметкері достарына есірткі таратқан. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электронды таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тәркілеп алынды", – дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Social Link

Follow Me On Social Media