Александр Бублик Финикстегі (АҚШ) ATP175 Challenger турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші португалиялық Нуно Боржешті (ATP №36) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Финалға шыққан Александр 22 650 доллар сыйақыдан бөлек 90 рейтингтік ұпайға ие болды. Дүйсенбі күні ол ATP рейтингінде кемінде үш сатыға жоғары көтеріледі.
Финалда Александр Бублик бразилиялық теннисші Жоао Фонсекамен (ATP №80) кездеседі.
Матч Қазақстан уақыты бойынша 16-наурыздан 17-наурызға қараған түні 2:00 де басталады.