Олардан жеті ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді.
Астанада полиция қызметкерлері бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан алаяқтық сall орталықты жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаскөйлер өздерін "Техносмарт", "Байзон", "Like me shop" интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажетті туралы айтқан. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан азаматы.
Сонымен қатар, Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады. Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапанша және төрт армиялық каска тәркіленді.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.