Жалпы, мектеп түлектері тарапынан игі бастамалар жиі ұйымдастырылады .
Өңірдегі оқушылар ҰБТ-да ең жоғары ұпай жинаса, 5 млн теңгенің сертификатын иелене алады. Жергілікті кәсіпкер, меценат түлектерді осындай ерекше сыйлықпен талпындырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Былтыр 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындалған болатын.
Аталған білім ордасын 2014 жылы бітірген кәсіпкер бұған дейін мектептің 20 жылдық мерейтойын 1 миллион теңге ақшалай қаражатпен қолдаған. Бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше ынталандырды.