What are you looking for?

Қытайда әскери ұшақ апатқа ұшырады

16.03.2025

Ұшқыш парашютпен секіріп, аман қалған.

Қытайдың оңтүстігіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, әскери ұшақ Хайнань провинциясының Лингао округіндегі қала маңындағы ашық аумаққа құлаған.

Апат салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ғаламторда тараған бейнежазбаға қарағанда, апатқа ұшыраған ұшақ Қытай Халық азаттық армиясының J-15 жойғыш ұшағы болуы мүмкін.

Қытай Халық азаттық армиясының оңтүстік әскери-теңіз күштері қолбасшылығы оқиғаның себептері анықталып жатқандығын жариялады.

Social Link

Follow Me On Social Media