What are you looking for?

Қырғызстан мен Тәжікстан президенті мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды

16.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Осы аптада Орталық Азияда – біздің аймақта жақсы жаңалық болды. Тіпті тарихи деп айтсақ артық емес. 13 наурызда қырғыз жерінде Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды.

2021 жылғы қарулы қақтығыстан кейін жабылып қалған «Қайрағаш» және «Қызыл-Бел» бекеттерін ашты. Сонымен бірге Бішкек-Душанбе, Бішкек-Қожанд әуе рейстері қайта іске қосылды. Бұл шын мәнінде дипломатияның жеңісі. Дипломатияның жеңісі соғыс деген қасіретке «құлып салады».

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасы 1000 шақырымнан асады. Жартысына жуығы даулы болып келген. 2021 және 2022 жылдарғы қанды қақтығыстардан ондаған адам қаза тапты.

Келіссөздердің оңай жүрмегені анық. Шекара сызып бергенде бір ғасырға жетпейтін уақытта республикалардың тәуелсіз болатыны Мәскеудің түсіне де кірмеген. Иә бұл келісімге сәйкес қырғыздар мен тәжіктер бір-біріне жер берді, бір жерді бейтарап деп жариялады, Головная тоғаны сияқты кейбір инфрақұрылымды бірге пайдалануға келісті.

Әрине бұған наразылар бар. Алайда екі елдің болашағы үшін келген мәмілеге бәрібір артық. Соған саяси ерік-жігердің жеткені өте жақсы. Наурыздың 31-де Тәжікстанда тәжік, қырғыз, өзбек Саммиті өтеді.

Орталық Азияда шекара мәселесі жойылды деген символдық мәні бар жиынға біздер тілеулес болып отырамыз.

Social Link

Follow Me On Social Media