174,7 шақырымдық "Пополариссима" біркүндік жарысы Италияның солтүстігінде, Тревизо қаласында өтті.
Иван Смирнов Италияда өткен біркүндік сайыста топ жарды. Қазақстандық велошабандоз үшін бұл 2025 жылғы маусымдағы алғашқы жарыстағы алғашқы жеңіс.
"Бұл мен үшін маусымдағы алғашқы жарыс болды. Сондықтан жылды жақсы нәтижемен бастау маңызды еді. Бүгін мен бұған қол жеткіздім. Маған көшбасшылық рөл сеніп тапсырылды және мен сол сенімді ақтауым керек болды. Жарыс алдында біз нақты тактика әзірлеп, оны толығымен ұстандық. Команда 100% жұмыс істеді. Әрқайсысы өз міндетін орындады және мен жігіттерге осы жеңіс үшін алғыс айтамын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, ұзақ әрі маңызды маусымның тамаша бастамасы", – деді Иван Смирнов.
Сондай-ақ команданың спорттық директоры Сергей Яковлев те жарысқа қатысты пікір білдірді.
"175 шақырымдық жазық далада өткен жарыс нағыз спринтерлерге арналған еді. Иван көшбасшы ретінде таңдалды және жарыс басталған сіттен-ақ жеңіс үшін күресуге дайын болды. Жігіттер тамаша жұмыс атқарды. Бірақ, өкінішке қарай, жарыс барысында барлығы сәтті өтті деп айта алмаймыз. Лудовико Меллано мен Алессио Делле Ведове құлап, финалдық кезеңде көмектесе алмады. Мәре спринтінде бізде Лев (Гонов) пен Иван (Смирнов) ғана қалды, олар өз міндетін мінсіз орындап, бізге жеңіс сыйлады", – деп қоса кетті команданың спорттық директоры Сергей Яковлев.
Команданың тағы бір велошабандозы Лев Гонов да жүлдегерлер қатарына ілігіп, үшінші орынға ие болды.