Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті», – делінген хабарламада.
Related items