What are you looking for?

Атыраулық студенттер тегін құқықтық кеңес алды

06.03.2025

Былтыр Атырауда құрылған құқықтық ақпараттық кеңес беру орталығы осы күнге дейін 4 мыңға жуық тұрғынға тегін көмек көрсетті, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы атап өткен «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру үшін халықтың құқықтық сауатын арттыру маңызды. Бүгін құқық қорғау органдары мен орталық мамандары студенттермен «Заң және тәртіп» тақырыбында пікір алмасты. Жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, қажетті ақпарат алды. Құқықтық ақпараттық кеңес беру орталығы қоғамдық орындарда ашық есік күндерін өткізіп, тұрғындарға тегін кеңес беруді жалғастырып келеді.

Жанар Ілиясова, құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығының жетекшісі:

- Студенттерге қазіргі заңға сай қандай өзгерістер бар және қылмыстық жауапкершіліктері қандай болады, сол туралы біздің заңгерлер мен құқықтық органдардың өкілдері сұхбат береді. Былтырдан бастап 7 ауданға барып келдік. 7 ауданда ашық есік күндерін өткіздік.

Social Link

Follow Me On Social Media