Алматының Медеу ауданында салынып жатқан екі қабатты тұрғын емес ғимаратта өрт шыққан. Оқиға Жәнібеков көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі дабыл бойынша жұмыс істеген. Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндіріліп, көрші ғимараттарға таралу қаупі жойылған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен жалпы аумағы анықталып жатыр.