What are you looking for?

Өткен аптадағы спорттық жетістіктер

09.06.2025

Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Спорттық гимнастика: Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш – алтын, екі – күміс, екі – қола, барлығы жеті жүлде жеңіп алды.

Жеңіл атлетика: Грекияның Ханья қаласында халықаралық турнирде биіктікке секіруден ұлттық құрама мүшесі Кристина Овчинникова 190 сантиметрді бағындырып, алтыннан алқа тақты.

Теннис: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалисі атанды. Бұл – ол үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал.

Social Link

Follow Me On Social Media