What are you looking for?

«Жігіттерді пісіріп жатыр»: Бақыт Сәрсекбаев шәкірттерін ерекше жаттықтыруда (ВИДЕО)

13.06.2025

Қазақстанның 22 жасқа дейінгі боксшыларынан құралған жастар құрамасы Түркістандағы биік таулы аймақта орналасқан спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команданың тізгінін 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев ұстап отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жаттығу жиыны спортшылардың физикалық төзімділігі мен функционалдық дайындығын арттыруға бағытталған. Табиғи ортада өтетін дайындық бағдарламасы жүктемені кезең-кезеңімен арттыру арқылы боксшылардың жалпы спорттық әлеуетін көтеруге арналған.

Желідегі видеодан жас былғары қолғап шеберлерінің қарқынды жаттығу жасап жатқанын байқауға болады. Әр жаттығу кезінде Бақыт Сәрсекбаев жекелеген техника элементтері бойынша нақты нұсқаулар беріп, тәжірибесімен бөліседі.

«Бақыт ағаны жіберсек, қазір барып топ жарайын деп тұр ғой», «Еңбектің нәтижесін көрейік, бұйырса», «Жігіттерді пісіріп жатыр екен», «Бақытқа шыдағандар түбі топ жарып шығалы», — деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Сәрсекбаев шәкірттері 22 алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарған болатын. Бұл — жаттықтырушы мен команда еңбегінің нәтижесі. Алдағы жарыстар да осы қарқынды сақтап қалу маңызды сынақ болмақ.

@beksport Қазақстанның 22 жасқа дейінгі боксшыларынан құралған жастар құрамасы Түркістандағы таулы аймақта орналасқан спорттық базада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команданы 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев баптауда. #бокс #beksports #боксер #бакытсарсекбаев ♬ оригинальный звук — Beksports.kz

Social Link

Follow Me On Social Media