Қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов қандай көлік мінген? Tengri Auto республикалық QAZ-Auto автомобиль журналымен бірлесіп танымал тұлғалардың көліктері туралы материалдар топтамасын жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы көлік
Жаңа сары түсті "тройка" — яғни ВАЗ 2103 — Қалдаяқовтар отбасында 1975 жылы пайда болды. Ол заманда мұндай көлікке ие болу — байлықтың белгісі, әрі үлкен жетістік саналатын. Әсіресе, үшінші сериялы Жигули ел арасында ең қымбат тауар еді.
Кеңес Одағында кез келген көлікті алу оңай шаруа емес-тін: ақша жинап қана қоймай, жылдар бойы кезекте тұру керек болатын. Ал "нөл үшінші" Жигулиге қол жеткізу тіпті қиын. Оны композитор қалай алғаны белгісіз.
"Әкем бірнәрсені қалай алғаны жайлы көп айтпайтын", — дейді ұлы Мұхтар Қалдаяқов.
Екінші көлік
1980 жыл Волж автомобиль зауыты (ВАЗ) үшін тарихи кезең болды. Осы жылы ВАЗ 2105 заманауи жаңа үлгі өндіріске шықты.
1981 жылдың басында алғашқы партиялар Қазақстанға жеткізілді. Ал бұл көлікке деген сұраныс көп болды. "Нөл бесінші" Жигули көлігі елде тапшы болды. Соған қарамастан, Шәмші Қалдаяқов алғашқы партиядан көлік алған.
Ұлының айтуынша, әкесі бұл көлігімен ерекше мақтанған. Мұндай көлік тіпті Алматыда сирек кездесетін.
Көпшіліктің ойынша көлік ақ түсті болған, бірақ шын мәнінде ол ашық сұр түсті болған. Шәмші Қалдаяқов бұл көлікпен Жамбыл (Тараз) мен Шымкентке жиі барып тұрған. Сол жылдары ол Жамбылда үй сала бастаған, құрылыс материалдарын да өз көлігімен тасыған.
Өкінішке қарай, бұл үй аяқталмай қалды. 1992 жылы қазақ вальсінің патшасы мәңгілікке аттанды. Композитор Алматыдағы Кенсай зиратына жерленді. Балалары мазарына қажет құм мен цементті де сол көлікпен тасып әкелген. Көлік отбасыда шіріп кеткенше сақталған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!