Сәбит Әбдіқалықов Айгүл Иманбаева екеуінің ортақ ұлдары Асылжан мен келіні Жансаяның, немерелері Айсұлудың тойына қатысты.
Актёр журналист, тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында немересінің кенже қызынан үлкен екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сәбит Әбдіқалықов қазіргі отбасынан 3 баласы бар екенін де тілге тиек етті.
”Менің немерем қызымнан үлкен. Қызымның әпкесі бар. Қазіргі отбасымнан 3 балам бар. Олар 5-те, 3-те және 6 айлық”, — дейді ол.
Актёрдың өзінен 16 жас кіші қазіргі жары, танымал актриса Динара Абдуллина да той төрінен табылды. Ол күйеуінің немересінің тойында тілек айтып, бағалы сыйлық табыстады.
”Қызымыз салиқалы, саналы ұрпақтан болсын. Бұл қыз өте ерекше. Бізде бір ата, бір әже болса, бұл қызда төртеу. Аллаға шүкір, бәріміз құшағымызда ашып, осы қызды жақсы көріп тұрамыз. Қолымызда не бар соны һбереміз. Бүгін де құр қалдырмадым. Өзімнің атымнан Айсұлуға гауһар тасы бар алтын сырға”, — дейді ол.
Еске сала кетейік, Сәбит Әбдіқалықовтың үш әйелінен сегіз баласы бар.
Related items