Сырт келбетін өзгертуге бейім жұлдыздар бүгінде пластикалық отаға жиі жүгінеді. El.kz тілшісі бет-әлпетіне өзгеріс енгізгенін ашық мойындаған қазақстандық танымал жұлдыздардың тізімін жасады.
Танымал актриса Жания Джуринская жақында омырауына пластикалық ота жасатып, жаңа образын жұртпен ашық бөлісті. Арнайы фотосессия ұйымдастырып, нәтижесін желіде жариялаған актрисаның бұл қадамына қоғам пікірі екіге жарылды. Бірі оның сұлулығына тамсанса, енді бірі теріс көзқарасын жасыра алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya)
«Қандай әдемі», «Құтты болсын», «Күшті шыққан», «Бұрын өнер иесін талантымен бағалайтын едік, қазір сырт келбетіне қарап танимыз», «Бәрі жасанды боп кетті», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Жания бұл отаны Қырғызстанда, белгілі хирургтардың көмегімен жасатқан.
Жания – өзі сұлу келіншек. Екі баланың анасы бола тұра, сымбатын сақтаған. Біз тек оның сұлулығына кішкентай үлес қостық, – деп жазды дәрігер-хирург әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші Динара Қырықбаева да жақында дене пішінін өзгертуді ұйғарып, пластикалық ота жасатты. Өнер иесі бұл шешімін әлеуметтік желіде ашық айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)
Бір ай бұрын ота жасаттым. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Дәрігерге сенім артқанда, нәтиже де соған сай болады. Жақында «дейінгі» және «кейінгі» деген фотоларымды бөлісемін, – деп жазды ол парақшасында.
Әнші артық май мен ісікті хирургиялық жолмен кетіру әдісін таңдаған. Ол бұл қадамға еш өкінбейтінін айтып, сұлулық пен өзін жақсы көру жолында батылдық танытқанын жеткізді.
Актриса әрі тележүргізуші Әсел Асқар пластикалық ота жасатып, нәтижесін әлеуметтік желіде бөлісті. Ол Instagram парақшасында операциядан кейін бейнежазба жүктеп, өз ойын ашық айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)
Соңғы үш жылда қатты шаршадым, бұл түрімнен де байқалып тұр. Көзімнің өзгергені туралы көп адам жазды. Енді аздап өзімді ретке келтіргім келді. Нәтижесіне ризамын. Күткенімнен де жақсы болды, – деді Әсел.
Дәрігер бастапқыда оған қабаққа көп өзгеріс жасаудың қажеті жоқ екенін айтқан. Себебі мұндай оталарды көбіне үлкен әйелдер жасатады. Дегенмен, оған қабағына тігіс жасауға тура келген. Актриса күзде тағы бір өзгеріс күтіп тұрғанын айтып, әзірге ол туралы ашып жазбады.
Ал әнші Элизат Берікова жақында блефаропластика жасатып, нәтижесін оқырмандарымен әлеуметтік желіде бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ElizatBerikova (@elizaberikova007)
Бүгін отадан кейін тура 13 күн өтті. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Маған көздерім ұнады. Өте қуаныштымын!, – деді ол.
Хирург Данис Керимзаде әншіні блефаропластикадан кейінгі өзгерісімен құттықтады.
Бүгін небәрі 13 күн өтсе де, нәтижесі сүйсінтеді! Әр күнің сұлулық пен өз-өзіңе деген сенімділікке толы бола берсін!, – деді хирург.
Әнші Данэля Садықова (Dequine) өз келбетіне қатысты өзгерістерді жасырмай, жанкүйерлерінің күдігін растады. Ол омырауын үлкейту үшін пластикалық ота жасатқанын ашық мойындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dequine (@dequiine)
Instagram парақшасында сұрақ-жауап форматында пікір алмасқан әншіге «Кеудеңізге ота жасаттыңыз ба?» деген сұрақ қойылған. Бұл сауалға ол «Иә» деп қысқа әрі нақты жауап берді.
Dequine өз сөзінде бұрын кеудесінің көлеміне байланысты ешқандай уайымдамағанын, тіпті кеудесінің шағын көлемін жақсы көргенін айтты. Алайда бір күні интернетте отырып, пластикалық хирургия клиникасының парақшасына тап болып, сол сәтте ғана ота туралы ойға келген.
Мен өз кеудемді жақсы көретінмін, ешқашан бұл тақырыпта уайымдаған емеспін. Бірақ бұл шешімге кенеттен келдім. Дегенмен, ешкімге мұндай өзгерісті ұсынбаймын. Бұл – ағза үшін өте ауыр ота. Егер қаншалықты ауыр болатынын алдын ала білгенімде, бәлкім, бармас та едім, – деп бөлісті әнші.
Ол сондай-ақ көрерменімен ашық әрі сенімді байланыста болуды маңызды санайтынын жеткізді. Сондықтан денесіне жасалған кез келген өзгерісті жасырмай, бәрін ашық айтуға бел буған.
Еске сала кетсек, актриса Жарқынай Ханайым 2022 жылы мұрнына пластикалық ота жасатқан еді. Алайда бұл шешімін көпшілік бірден құптай қоймады, желідегі пікірлердің басым бөлігі сынға толы болды. Дегенмен, Жарқынай бұл – жеке таңдауы екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жарқынай Ханайым (@jarkynaixanaiym)
Сізге ұнамаса, жасамаңыз. Ал жасаған адамды даттамаңыз. Мені ешкім мәжбүрлеген жоқ. Өзімді әдемі деп есептеймін. Қорықпайтыным бар. Бір бойымда он ер адамға жететін батырлық бар. Өмірде көп нәрсеге көзім жетті. Армандап, қорқып жүре бергенше, бір рет жасап көру керек деп ойлаймын, – деп жазды актриса.
Жарқынай бұл қадамға тек өзі үшін барғанын жасырмады.
Өзім үшін жасадым. Басқа ешкім үшін емес. Кім не десе, о десін – ондай жастан өттім. Маған өзіме ұнау, өзімді өзім қалағандай сезіну маңызды. Өз идеалыңдағы Жарқынайға жету – күшті емес пе?, – дейді ол.
Мұрнын өзі қалаған пішінге келтірген актриса бұдан былай пластикалық оталарға жүгінбейтініне сенімді.
Тек жасым келгенде қажетті процедуралар болмаса, басқа ештеңе жасамаймын, – деп атап өтті Жарқынай.
Отандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева 2023 жылы қабағына пластикалық ота жасатып, бұл қадамын көпшілікке жасырмай көрсетті. Желі қолданушылары ол кезде бұл жаңалықты қызу талқылаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от