What are you looking for?

Алматы маңында иттер талап тастаған 10 жастағы баланы жағдайы белгілі болды

02.07.2025

Дәрігерлер Алматы облысының Жалпақсай ауылында иттер талап тастаған баланың жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, баланың жағдайы ауыр.

"1 шілдеде жағдайы тұрақталғаннан кейін науқас Қарасай ауданының орталық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Бала есін біледі. Қазір клиникалық психолог баламен және оның анасымен жұмыс істеп жатыр.

Дәрігерлер баланың жарақаты туралы айтпады, бірақ әлеуметтік желілерде оның беті, көзі мен жамбасы қатты жарақаттанғаны айтылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың сөзінше, иттер баланың құлағын жұлып алған. Болашақта оған қалпына келу және ұзақ мерзімді оңалу үшін тағы бірнеше ота қажет болуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris.p.karasai (@kris.p.karasai)

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңындағы ауылда 10 жастағы баланы иттер талап тастағаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media