What are you looking for?

Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб $150 млрд-тан асатын 300-ден аса жобаның мәселесін шешті

16.09.2026

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілуде.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет инвесторларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіріп, әкімшілік кедергілерді азайтып, инвестициялық келісімдерді қолдану аясын кеңейтіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Штаб еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеді

Соңғы үш жылда Инвестициялық штабтың 69 отырысы өткізілді. Жалпы құны $154 млрд-тан асатын 309 жобаны жүзеге асыру мәселелері қаралды. Шикізатты терең өңдеуге, өндірісті жергіліктендіруге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын ашуды көздейтін жобаларға басымдық беріледі.

Үкімет

2025 жылы 41 инвестициялық келісім жасалды

Олардың жалпы құны $29,8 млрд-ты құрады. Ал бір жыл бұрын $2,2 млрд-қа 6 келісім жасалған болатын. 2026 жылдың басынан бері шамамен $11 млрд-қа тағы 25 келісім жасалды.

Үкімет

Жобалардың қатарында:

Балқашта құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауыты салынып жатыр

Qazaq Smelter жобасы жылына 300 мың тонна катодты мыс өндіруді және 1,5 млн тоннаға дейін мыс концентратын өңдеуді көздейді. Шамамен 1,6 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Құрық портында құны $287,6 млн болатын терминал жобасы жүзеге асырылуда

Көпфункционалды терминалдың қуаты 15 млн тоннаны құрайды, шамамен 500 жұмыс орны ашылады. Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін арттырып, еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуы тиіс.

Басымдық – терең өңдеу және қосылған құны жоғары өнім өндіру

Атырау облысында құны шамамен $100 млн болатын аммиак және аммоний нитратын өндіретін зауыт жобасы жүзеге асырылуда. Түркістан облысында құны 115 млрд теңге болатын алюминиді толық циклмен өңдейтін зауыт салынып жатыр. Онда 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Инвестициялық саясат капитал тартудан жобаларды өндіріс іске қосылғанға дейін кешенді сүйемелдеуге көшуде. Негізгі басымдық – шикізатты терең өңдеу, өндірісті жергіліктендіру, жұмыс орындарын ашу және қосылған құны жоғары өнім шығару.

Social Link

Follow Me On Social Media