Тиісті мәселе Құрылтай отырысында қаралды.
Құрылтай депутаты Серік Егізбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің басқа құжаттардан өзгешілігі қандай екенін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық салада ынтымақтастықты дамытатынын жазғанбыз.
Құрылтай депутаты Серік Егізбаев тиісті заң жобасы әскери-техникалық саладағы басқа серіктес елдермен өзара іс-қимыл жасаудың тетіктерінің ерекшелігі неде деп сұрады.
Бұл сауалға Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді.
"Елімізде бүгінгі таңда 15-тен астам басқа шет мемлекеттермен осындай әскери ынтымақтастық жөніндегі келісімшарттар бар. Сербия мемлекетімен әскери-техникалық ынтымақтастықтың осыған дейін болған келісімшартпен өзгешелігі жоқ. Өткізу іс-қимылы солармен бірдей болады және біздің ішкі заңнамамызға, елімізге ешқандай нұқсан келтірмейді", – деді ведомство өкілі.