ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Қоғам

Ләйлә Сұлтанқызы өзін судьямен шатастырғандарға үн қатты

Ләйлә Сұлтанқызы өзін судьямен шатастырғандарға үн қатты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде видео жариялап, өзін заң саласының маманы Лейла Сұлтанқызы Жақаевамен шатастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Тележүргізушінің сөзінше, кейбір ақпараттық ресурстарда оның аты заң саласындағы жаңалықтармен байланысты көрсетіле бастаған. Осыған байланысты ол екі адамның бөлек тұлға екенін түсіндірді.

"Өзімнің әріптестерімнің аты-жөнін, қандай портал, қандай сайт екенін көрсеткім келмей отыр. Бірақ енді осы келіншек сайланса, білмейміз, біздің елімізде бәрі мүмкін. Мені біраз жерге апарып жатқан адамдарға айтайын. Достар, біздің елімізде заң саласында жүрген Лейла Сұлтанқызы деген басқа келіншек бар. Бұл пабликтер алып тастар деген ойдамын. Менің заң саласына еш қатысым жоқ", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, сөз болып отырған Лейла Сұлтанқызы Жақаева 23 қыркүйекте Президент жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметіне тағайындалды. 24 қыркүйекте ол басқа тағайындалған судьялармен бірге ант берді. 

Лейла Жақаева – заң ғылымдарының докторы, профессор. Бұған дейін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында профессор болып еңбек еткен, сондай-ақ Жоғарғы Сот жүйесінде қызмет атқарған. 

2026 жылы Лейла Жақаева заң ғылымын дамытуға және білікті кадрлар даярлауға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова