ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Қонаевта бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

Қонаевта бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде жіберілді.

"Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды.Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан 120 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады", — делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Семейде ағаш кесу цехы өртке оранғаны хабарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы