0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Солтүстік Қазақстанда Сергеев қоймасындағы су деңгейі көтеріле бастады. «Қазгидромет» мамандары күн сайын мониторинг жүргізеді. Гидронысандағы су деңгейі арнасынан 2 сантиметрге асып жатыр. Былтыр көктемгі тасқын кезінде бұл көрсеткіш 4 жарым метрге жақындап, рекорд орнаған еді. Гидронысан арқылы 9 млрд текше метр су өтті. Ал биыл қыс бойы су арнасынан түспей, тасыды. Бұл да тарихта бұрын-соңды болмаған жағдай.
Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:
Қазір өңірдегі гидрологиялық жағдай тұрақты. Сергеев су қоймасының деңгейі өткен тәулікте 1 сантиметрге көтерілді. Күн күрт жылынғандықтан, қар бірден 10 сантимерге дейін еріді. Сондықтан өзен-көлдер көтеріліп жатыр.
Эльмира Кәленова