What are you looking for?

Аязды күндер қайта оралады: Еліміз бойынша бүгінге арналған ауа райы болжамы

20.03.2025

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбіде, 2025 жылдың 20 наурызында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады", — деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сондай-ақ, республикамыздың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшеюі, солтүстігінде көктайғақ сипатындағы табиғи құбылыстар күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылы 20-22 наурыз аралығында Қазақстанға тағы да аязды күндер қайта оралатынын ескерткен.

Social Link

Follow Me On Social Media