What are you looking for?

Жаңбыр, найзағай: Бүгін ауа райы қалай құбылады

27.06.2025

"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады , деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жаңбыр жауып, найзағай болады. Елдің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін", — деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар республика бойынша желдің күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Жоғары өрт қаупі бар өңірлер: Абай облысының орталығы, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының солтүстік-батысы, Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігі, Батыс Қазақстан облысының батысы мен шығысы, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, Атырау облысы, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі.

Төтенше өрт қаупі мына өңірлерде болуы мүмкін: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Алматы облысының солтүстігі мен батысы, Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігі, Ақтөбе облысының батысы мен орталығы, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігі, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігі, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығы, Абай облысының батысы мен оңтүстігі.

Social Link

Follow Me On Social Media