What are you looking for?

Израиль Ливанның оңтүстігін атқылады

23.03.2025

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» ұйымының ондаған нысанын әуеден атқылады.

Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз қызметі хабарлады. Айтуларынша, бұл қарулы топтың шабуылына қарымта жауап. Бір күн бұрын «Хезболла» Израильдің солтүстік аймағын бомбалап, арадағы келісімді бұзған. Сол себепті еврей билігі жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери операцияны жалғастыруды шешкен. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац: «Болған оқиға үшін Ливан Үкіметі жауапты», - дейді.

Social Link

Follow Me On Social Media