Америкалық бизнесмен және миллиардер Илон Маск екі айда 148 миллиард долларынан айырылды.
Ол бұған қарамастан әлі де әлемдегі ең бай адамдардың қатарында.
Bild-тың жазуынша, Масктың байлығы 321 миллиард долларға бағаланады. Десек те, сарапшылар миллиардердің байлығы азайып жатқанын айтады. Бұған Тесла акцияларының Дональд Трамптың президенттік инаугурациясынан кейін 40%-дан астамға құлдырауы себеп.
Тесланың дәстүрлі тұтынушылары – либералды көзқарастары бар сатып алушылар компания басшылығынан теріс айналып жатыр.
Ақпан айында компания 43 650 көлік сатты, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға аз. Еуропада соңғы уақытта сату көлемі 75%-ға төмендеген.
Инвесторлар компаниядағы ахуалға алаңдаушылықпен қарап отыр. Кейбірі Илон Маск Tesla басшылығынан кетуі тиіс деп есептейді.