What are you looking for?

Қазақстан мен Словения Президенттері Астана халықаралық қаржы орталығын аралады

01.04.2025

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

- Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция — 14,4 мллрд доллар:

- 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;

- 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.

- Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Social Link

Follow Me On Social Media