What are you looking for?

Атырау облысында бір тәуліктен кейін дала өрті оқшауланды

16.06.2025

Атырау облысында қамыс өртенді. Тілсіз жаумен күреске ТЖМ тікұшақтары тартылды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт 15 маусымда күндіз басталды.

"Су шашу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су шашылды. Өрт елді мекендерді шарпыған жоқ", — деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

16 маусымда таңертең дала өрті оқшауланғаны белгілі болды.

"ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ су шашу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 33 рет, жалпы көлемі 100 тоннаға жуық су шашылды", — деді ТЖМ өкілдері.

Айта кетейік, маусымның басында да қамыс өртеніп, Атырауды түтін басты. Қала тұрғындары жағымсыз иісті сезінді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media