What are you looking for?

Абат Айымбетов мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

19.06.2025

Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Адана Демирспор » клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ресей Премьер-лигасындағы «Крылья Советов» (Самара) клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы «Крылья над Волгой» телеграм-арнасы жазды.

«Крылья Советов» клубының бас бапкері Магомед Адиев қазіргі таңда Түркияның «Адана Демирспор» командасында ойнап жүрген шабуылшы Абат Айымбетовке қызығушылық танытып отыр. Ол Айымбетовпен Қазақстан құрамасында бірге жұмыс істеген», — деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Абат Айымбетов 2021 жылы да Самара клубында өнер көрсеткен, алайда сол кезде негізгі құрамда тұрақты орныға алған жоқ.

Social Link

Follow Me On Social Media