What are you looking for?

Атыраудағы лас ауа: ТШО-ға 630 млн теңгеден аса айыппұл салынды

29.07.2025

Атырау облысында "ТШО" ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ауа ластануына байланысты талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заңбұзушылықты анықтаған.

"Теңізшевройл" ЖШС 2023 жылғы 3 және 4-тоқсанда, сондай-ақ, 2024 жылғы 1 және 2- тоқсанда экологиялық рұқсат етілген нормадан тыс ауаға 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған. Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты "Теңізшевройл" ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сот 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды", — деп жазылған хабарламада.

Бұл шешім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін өрт салдарынан Атырау түтінге тұншығып отырғаны хабарланды. Өңір әкімі Серік Шәпкенов "Ақжайық" резерватындағы өрт бұрын-соңды дәл осылай ұзаққа созылмағанын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media