What are you looking for?

Отандық теннисші Италиядағы турнирде жеңіске жетті

18.08.2025

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен «Челленджер» сериялы турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Финалда Тимофей италиялық Стефано Травальяны ұтты.

Шешуші кездесу 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс үшін қазақстандық спортшы 75 рейтингтік ұпай жинап, ATP рейтингінде 193-орынға көтеріледі.

Бұған дейін Скатов 2022 жылы Пармада, ал 2024 жылы Аугсбургте өткен «Челленджер» турнирлерінде топ жарған.

Social Link

Follow Me On Social Media